«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен және арнайы түсті-графикалық схемалармен жабдықталуға тиіс жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 832 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен және арнайы түсті-графикалық схемалармен жабдықталуға тиіс жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 832 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлік құралдары арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояумен жабдықталуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жол жүрісі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде тұрақ кеңістігінде жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;

2-тармақта:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) велосипед - екі немесе одан да көп дөңгелегі бар және онда отырған адамдардың бұлшық ет күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;»;

44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«44) көлік құралы (оның ішінде жүргізушісіз көлік құралы) - адамдарды, жүктерді немесе оның үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;»;

50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.